«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»


Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №26 мектептің 6 сынып оқушыларымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты библиографиялық күні өткізілді.
Библиография күнінің негізін «Балдәурен жыршысы» буктрейлері құрады. Буктрейлер Б.Соқпақбаевтың кітаптарынан және «Менің атым Қожа» фильмінен үзінділерінен құрастырылды. Библиография күнін Е.Касенова өткізді және ол қазақ балалар жазушыларының, оның ішінде Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеден басталды. Балалардың табиғатын жақсы білген жазушы өзінің отаны, Нарынқол таулы аймағының табиғаты туралы үлкен шеберлікпен суреттеп, әр кейіпкерді іздемей, мұрағат шаңын ақтармағанын айтады. Оның барлық кейіпкерлері өмірден, өзінің балалық шағынан алынған.
Балалар буктрейлерді үлкен қызығушылықпен қарады. Кітап көрмесін қарап шыққаннан кейін, балалар автордың басқа да жұмыстарына қызығушылық танытып, «Балалық шаққа саяхат», «Аяжан» т.б. кітаптарын оқығылары келетінін айтты.

Updated: Қараша 26, 2019 — 9:33 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған