«Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»


Орталық балалар кітапханасында «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты ойын саяхаты өткізілді.
Ойын саяхатына №5 мектептің жанынан ашылған «Бірлік» лагерьінің оқушылары қатысты.
Шара барысында қатысушыларға әлемде мыңдаған мамандықтың түрлері бар екенің, олардың барлығы да маңызды әрі құрметтке лайық және өте қажет екендігі туралы түсінік бере отырып, «Мамандықтар әліппесі», «Сөзжұмбақты шеш», «Еңбек туралы мақал-мәтелді жалғастыр» топтық ойындар ойнатылды. Шара соңында мамандық туралы әдебиеттермен таныстырды.

Updated: Шілде 11, 2019 — 5:47 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған