«Қауырсын қалам»


Екібастұз ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова мен ОБК меңгерушісі Г.Ж.Елубаева 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында және балалар кітабы апталығының ашылу салтанатына орай балаларға арнап қалам тербеп жүрген жас ақын Ардақ Жұмағалиевамен «Қауырсын қалам» атты кездесу өткізді.
Аталмыш іс-шараға № 25 қазақ қыздар гимназиясының 2 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі А.С. Скокова, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Қ.Б.Жұмаділова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Дауытова, мектеп кітапханашысы З.К.Тулибаева қатысты.
Кездесуді ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова жүргізді. Ал «Қауырсын қалам» атты шығармашылық слайд тізбектемесін ОБК меңгерушісі Г.Ж.Елубаева дайындады.
Оқушылар жас ақын А.Жұмағалиеваның өлеңдерін жатқа айтып, жұмбақтарын шешіп, ақынға қызықты сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Кездесу барысында Ардақ Орынбайқызы оқушыларға тәттілер таратты.
Кездесудің соңында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Қ.Б.Жұмаділова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Дауытова, сынып жетекшісі А.С.Скокова және кітапханашы З.К.Тулибаева сөз алып, осы кездесуді ұйымдастырған үшін алғыстарын білдірді.

Updated: Наурыз 17, 2021 — 9:39 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған