«Сиқырлы әріп»

Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Дауысты кітап» клубы аясында әлеуметтік желінің кішкентай тыңдармандарына В.Драгунскийдің әңгімелері бойынша «Сиқырлы әріп» онлайн дауыстап оқу іс-шарасын ұйымдастырды. Виктор Драгунский – әйгілі балалар жазушысы. В.Драгунскийдің қызықты және еліктіргіш әңгімелері кішкентай оқырманды назардан тыс қалдырмайды. Жазушыны танымал еткен «Денистің әңгімелері» атты әңгімелер топтамасы. «Сиқырлы әріп» әңгімесі «ш» дыбысына тілі келмейтін кішкентай қыз жайында баяндалады. Оны достары «ш» дыбысын дұрыс айта алмағандығы үшін мазақ ететін, сөйтсе олардың ешқайсысының да «ш» дыбысына тілдері келмейді екен. Сөйтіп, «ш» әрпі ешкімнің тілі келмейтін сиқырлы әріпке айналды. Ертегі балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелейді.

Updated: Ақпан 16, 2021 — 10:06 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған