“Қысқы мерекелік кезең”


Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері Т. Е. Ракишева мен Т. Ю. Хохлова №7 мектеп-гимназиясының 4 “г” сынып оқушыларына “Қысқы мерекелік кезең” атты жаңа жылдық ассорти өткізді. Балалар жаңа жылдық ғажайыптардың сиқырлы айналымына бөленді. Кітапханашы Т. Ракишева ең ғажайып мереке тарихымен, сондай-ақ Христос Рождествосы мен жаңа жылдың дәстүрлері, түрлі елдердің әдет-ғұрыпы, халық ырымдары мен толықтай таныстырды.
Балаларға арнап “Жаңа жылдық жаттығу”, “Жаңа жылдық бадминтон” атты қозғалмалы ойындар ұйымдастырылып, ән мен тақпақтар айтылып, тәтті сыйлықтар таратылды. Соңында “Зима в Простоквашино” мультфильмін тамашалап, «Жаңа жыл бүкіл әлемге келеді» атты кітап көрмесімен тамамдалды.

Updated: Қаңтар 9, 2020 — 11:04 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған