«Кітапхана әлемін тамашалау»


ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері Абай атындағы №2 ЖОМ-нің 1-3 сынып оқушыларына «Кітапхана әлемін тамашалау» тақырыбында саяхат ұйымдастырды.
Саяхат барысында кітапханашы балаларды кітапхананың қорымен, жазылу тәртібімен, жалпы ережелерімен таныстыра келе, кітапхана қорларын қорғауды қамтамасыздандыратын штрихкодтау жүйесі жайлы әңгімелеп берді Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Балалыққа кітаппен барар жол» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кітапхана ордасына саяхатқа келген оқушылардың назарына оқырман залындағы «Қазақтың ертегілері», «Шығыс жұлдыздары», энциклопедиялар және т.б. балаларға арналған әр түрлі жанрдағы басылымдар, кітапхананың ақпараттық құралдары газет-журналдар ұсынылды.

Updated: Маусым 13, 2022 — 2:45 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған