Екібастұз қаласының балалар кітапханаларына қош келдіңіздер!

Баланы кітапқа қызықтырудың басты бір жолы – ата-аналардың өздерінің кітапшыл болып, біліктілікпен, биік талғаммен оқып, отбасы, ошақ қасында әңгіме-дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ете білу. Ол арқылы кітапқа деген бала құштарлығын арттыруға болады.

Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды.  «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» – деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады. Сондықтан баланы уақытында оқуға үйретіп қана қоймай, оны оқуды жақсы көруге ұмтылдыра білуіміз керек. Егер нақты тақырып бойынша әдебиет таңдауға қиналсаңыз, кітапханашылар кез келген сәтте көмекке келеді.

Updated: Наурыз 12, 2019 — 10:27 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған