Day: Шілде 10, 2019

«Тоқымалы кілем»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға “Дарынды саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Тоқымалы кілем» атты шеберлік-сынып өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер Т.В. Кихай, Б.Н. Курумбаева, Р.З. Самсенова қыздарға өз қолдарымен түрлі-түсті жіптен жұмсақ кілемше жасау жолдарын көрсетті. Шара соңында, қатысушыларды қолөнер бойынша тақырыптық әдебиеттермен таныстырды.