Жаманбалинов оқулары


Балалар оқу орталығының қызметкерлері Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты Жаманбалинов оқуларын ұйымдастырды. Іс-шараға №25 қазақ қыздар гимназиясының 2 «А» сынып оқушылары қатысып, өздерінің өлең оқудағы шеберліктерін көрсетті.
Кітапханашы Мүбәрак Жаманбалиновтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстырып өтті. Одан әрі оқушылардың көркем оқу шеберлігін, сахналық шеберлігін әділқазылар – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, аудармашы Ж.Қоғабаев, сондай-ақ орталық кітапхана қызметкерлері А.Сулейменова, К.Шайхина әділ бағаларын берді.
Оқу қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Ертай Айару қанжығасына байласа, жүлделі ІІ орынды Серік Фатима пен Аделия Толеубаева ие болып, жүлделі ІІІ орынды Дархан Амина, Махамбетова Медина, Тұрсынхан Кәусар иеленді. Қалған қатысушылар белсене қатысқаны үшін дипломдармен марапатталып, ал барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Updated: Сәуір 4, 2024 — 4:55 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған