«Бәрін білетін кітаптар»

Көктемгі демалыс күндері балалар оқу орталығында №6 мектеп-гимназия оқушыларына арнап «Бәрін білетін кітаптар» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Шара барысында кітапханашы «энциклопедия» деген сөздің мағынасы туралы мәлімет беріп, кітапхана қорына тиесілі ақпарат көздерімен толығырақ таныстырды. Сондай-ақ балалар анықтамалық әдебиет әлеміне саяхат жасады. Содан соң кітапханашы «Я познаю мир», «Все обо всем» сериясымен шығатын энциклопедияларға шолу жасап, қысқаша мағлұмат беріп өтті.
Шара соңында балалар түрлі тапсырмалар орындап, сөздіктермен жұмыс жасады.

Updated: Наурыз 27, 2024 — 4:09 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған