Category: Басты

«Жануарлар әлемінде»

«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №16 сәбилер бақшасының бүлдіршіндеріне арналған дауыстап оқу іс-шарасын өткізді. Шараға арнайы жануарлар туралы ертегілер таңдалып, дауыстап оқылды. Кітапхананың оқырман залында жануарлар туралы энциклопедиялық кітаптардан көрме ұйымдастырылып, кітапханашы әр кітапқа қысқаша шолу жасап өтті. Сонымен қатар балалар «Бұл жануар немен қоректенеді?», «Қай жерде тіршілік етеді?», «Қандай ерекшелігі бар?» […]

«Лидер словесности»

«Білімпаз» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтеріне мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Лидер словесности» атты зияткерлік ойын өткізді. Ойын барысында балалар түрлі танымдық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін шыңдады. Шара баланың тұлғалық дамуына, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

«Отбасы сенімен мәңгі бірге»

Отбасы күніне орай балалар оқу орталығының қызметкерлері №33 ЖОМ 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы сенімен мәңгі бірге» атты әдеби сандық шарасын өткізді. Шара барысында балалар отбасы тақырыбына суреттер салып, оның маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ оқушылар өз ата-аналары мен ата-әжелері туралы жүрекжарды лебіздерін білдіріп, «сиқырлы сандықтан» алынған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Іс-шара «Продолжи пословицу или поговорку» […]

«Язык объединяет народы»

Балалар оқу орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Язык объединяет народы» атты танымдық сағаты өтті. Бұл шараға №10,13,18,23 ЖОМ, №26 гимназия – мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды мерекемен құттықтап, тілдер күні мерекесінің тарихымен таныстырып өтті. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің маңыздылығын және орыс тілінің халықтар арасындағы достық пен түсіністікті ететіні туралы айтылды. «Қазақстан Республикасының […]

«Таза Қазақстан – таза табиғат»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері ашық аспан астында «Таза Қазақстан – таза табиғат» атты кітап көрме ұйымдастырып, кітапхана алаңында орын тепкен көрмені тамашалауға кез келген жанды жайдары жүзбен қарсы алды. Аталмыш көрме «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жасақталды. Шара барысында әртүрлі жастағы оқырмандарға арналған табиғаттың тазалығы мен сұлулығын сақтауға, қоршаған ортаны аялауға бағытталған кітаптар, табиғат […]

«Прошкино новоселье»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері №9 балабақшаның орта және мектепке даярлық тобы тәрбиеленушілеріне «Прошкино новоселье» ертегісін дауыстап оқып берді. Бұл шара «Дауысты кітап» клубы аясында ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыруды, тыңдау және түсіну қабілеттерін дамытуды мақсат етті. Дауыстап оқу барысында балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып қана қоймай, жаңа сөздер үйреніп, өздерінің ой-қиялдарын дамытты. Шара жылы әрі […]

«В стране дорожных знаков»

Балалар оқу орталығында Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары үшін Халықаралық бағдаршам күніне арналған «В стране дорожных знаков» атты танымдық сағат болып өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды жол жүру ережелерімен таныстырды. Шара аясында ойындар мен сергіту сәттері ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Иә» және «Жоқ» сергіту ойыны, «Жасыл шам» атты викторинасы және […]

«В мире магии Джоан Роулинг»

Балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева №10 ЖОМ «Солнышка» жазғы лагерь балаларына арнап оқу залында «В мире магии Джоан Роулинг» квиз- book шарасын өткізді. Бұл шара британдық жазушы Джоан Роулингтің 60 жылдығына және Гарри Поттердің туған күніне арналды. Шара барысында балаларға Джоан Роулингтің өмір жолымен, қазіргі замандағы әдебиеттегі алар орны мен сиқырлы әлемді сипаттайтын Гарри […]

«Астана – сердце народа»

БОО қызметкерлері Астана күніне орай «Астана – сердце народа» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға №13 ЖОМ жазғы лагерьдің балалары мен педагогтары қатысты. Балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева қатысушыларды мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтады. Ол қатысушыларға бұл мерекенің тарихы, елорда атауының қашан және қалай өзгергені туралы мәлімет беріп өтті. Одан әрі балалар Қазақстанның бас қаласындағы […]

«Жұлдызды сәт»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері балалардың шығармашылық қабілетін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, өзін еркін ұстап, көпшілік алдында өнер көрсету дағдыларын дамыту мақсатында «Жұлдызды сәт» сайысын өткізді. Сайысқа №11 ЖОМ жазғы лагерь балалары қатысты. Іс-шара басында кітапханашы сайыстың мақсатымен, ережесімен таныстырды. Сайыс барысында тек қана өнер көрсету ғана емес, эстрадалық жарыстың болатыныны ескерілді. Іс-шара соңында балаларға тәтті […]