Баланы кітапқа қызықтырудың басты бір жолы – ата-аналардың өздерінің кітапшыл болып, біліктілікпен, биік талғаммен оқып, отбасы, ошақ қасында әңгіме-дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ете білу. Ол арқылы кітапқа деген бала құштарлығын арттыруға болады. Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық […]
«Таза Қазақстан – таза табиғат»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері ашық аспан астында «Таза Қазақстан – таза табиғат» атты кітап көрме ұйымдастырып, кітапхана алаңында орын тепкен көрмені тамашалауға кез келген жанды жайдары жүзбен қарсы алды. Аталмыш көрме «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жасақталды. Шара барысында әртүрлі жастағы оқырмандарға арналған табиғаттың тазалығы мен сұлулығын сақтауға, қоршаған ортаны аялауға бағытталған кітаптар, табиғат […]
«Прошкино новоселье»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №9 балабақшаның орта және мектепке даярлық тобы тәрбиеленушілеріне «Прошкино новоселье» ертегісін дауыстап оқып берді. Бұл шара «Дауысты кітап» клубы аясында ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыруды, тыңдау және түсіну қабілеттерін дамытуды мақсат етті. Дауыстап оқу барысында балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып қана қоймай, жаңа сөздер үйреніп, өздерінің ой-қиялдарын дамытты. Шара жылы әрі […]
«В стране дорожных знаков»
Балалар оқу орталығында Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары үшін Халықаралық бағдаршам күніне арналған «В стране дорожных знаков» атты танымдық сағат болып өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды жол жүру ережелерімен таныстырды. Шара аясында ойындар мен сергіту сәттері ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Иә» және «Жоқ» сергіту ойыны, «Жасыл шам» атты викторинасы және […]
«В мире магии Джоан Роулинг»
Балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева №10 ЖОМ «Солнышка» жазғы лагерь балаларына арнап оқу залында «В мире магии Джоан Роулинг» квиз- book шарасын өткізді. Бұл шара британдық жазушы Джоан Роулингтің 60 жылдығына және Гарри Поттердің туған күніне арналды. Шара барысында балаларға Джоан Роулингтің өмір жолымен, қазіргі замандағы әдебиеттегі алар орны мен сиқырлы әлемді сипаттайтын Гарри […]
«Астана – сердце народа»
БОО қызметкерлері Астана күніне орай «Астана – сердце народа» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға №13 ЖОМ жазғы лагерьдің балалары мен педагогтары қатысты. Балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева қатысушыларды мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтады. Ол қатысушыларға бұл мерекенің тарихы, елорда атауының қашан және қалай өзгергені туралы мәлімет беріп өтті. Одан әрі балалар Қазақстанның бас қаласындағы […]
«Жұлдызды сәт»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері балалардың шығармашылық қабілетін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, өзін еркін ұстап, көпшілік алдында өнер көрсету дағдыларын дамыту мақсатында «Жұлдызды сәт» сайысын өткізді. Сайысқа №11 ЖОМ жазғы лагерь балалары қатысты. Іс-шара басында кітапханашы сайыстың мақсатымен, ережесімен таныстырды. Сайыс барысында тек қана өнер көрсету ғана емес, эстрадалық жарыстың болатыныны ескерілді. Іс-шара соңында балаларға тәтті […]
«Қазақ ертегілері әлемінде»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қалалық мешітінің «Имани Жас» жазғы лагерінің балаларына «Қазақ ертегілері әлемінде» танымдық сағатын өткізді. Бұл шара балаларға қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру, ұлттық құндылықтарға қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Шара басында кітапханашы қазақ ертегілерінің шығу тарихы мазмұны мен маңыздылығы туралы ақпарат беріп, балаларды ертегілер әлеміне жетеледі. Оқушылар «Алдар Көсе», «Тазша бала», «Жеті […]
«Мақал сөздің мәйегі»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №11 жалпы білім беретін мектебінің жазғы лагерінің балаларына «Мақал сөздің мәйегі» атты сайыс өткізді. Кітапханашы қатысушыларды «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбымен таныстырды. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту, ұлттық тәрбие беру екені айтылды. Мақал-мәтелдердің мән-мағынасы, олардың халық даналығы ретіндегі рөлі туралы баяндама […]
«Ертегі әлеміне саяхат»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №26 гимназия – мектебінің «Балдәурен» жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Ертегі әлеміне саяхат» атты танымдық сағат өткізді. Кітапханашы қазақ ертегілерінің маңызы туралы қысқаша түсінік беріліп, қазақ ертегілеріндегі тәрбиелік мән, кейіпкерлердің үлгі боларлық қасиеттері жайлы әңгіме қозғалды. Балаларға «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алдар көсе» сияқты танымал ертегілерден үзінділер оқылды. Балалар ертегілердің мазмұнын талқылап, […]
«Білім бұлағынан нәр алайық»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №25 қазақ қыздар гимназиясының жанындағы «Кәусар бұлақ» жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Білім бұлағынан нәр алайық» атты танымдық ойын-сағат өткізді. Бұл шара балалардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру, оқуға ынталандыру және бос уақыттарын мазмұнды өткізуге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараның басында кітапханашы балалармен кітапхана ішін аралап, кітапхананың құрылымымен таныстырып, кітапханаға жазылу тәртібі мен […]