Клубы БОО

«Отбасы кафесі» клубы

Клубтың мақсаты:

баланың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін ояту, отбасылық оқуды қолдау және дамыту, кітапхана мен отбасының баланың оқуын дамытудағы күшін біріктіру.

Міндеті:

  • кітапхана жұмысының және отбасының жақсы дәстүрлерін, сондай-ақ кітапхана мен отбасы ынтымақтастығын нығайту;
  • отбасына қатысты мәселелер бойынша ақпарат және кеңес беру;
  • отбасылар арасындағы «өмір» тәжірибесін алмасу үшін жағдай жасау;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • отбасылардың бос уақытын және шығармашылық өз болмысын ұйымдастыру.

әрі қарай оқу

«Дауыстап оқудың тыңдаушылары» 

Клубтың масқаты:

оқып ойлауға, оқып сезуге, оқып өмір сүруге үйрету.

Клубтың міндеті:

балаға сөз өнерінің қыр-сырын түсіндіру. Яғни, балаға сөз өнерін әр адамның өмірінің ажырамас бөлігі ретінде  таныстыру, мұндай өнермен үнемі араласуға үйрету, сөз құдіретін ұғындыру, кітап оқуға деген құмарлығын,  қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.

Клубтың ұраны: «Сөз асылын теремін»

Оқырман тобы: бала-бақша тәрбиеленушілері

әрі қарай оқу