Month: Қазан 2020

“Ақылды кітаптар”

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е. Ракишева анықтамалық-библиографиялық аппаратқа арналған “Ақылды кітаптар” онлайн кітапханалық сабағын ұйымдастырды. Бейнероликте әртүрлі жастағы балаларға арналған сөздіктер, анықтамалық кітаптар, энциклопедиялар, кітап қорында бар “Балалар энциклопедиясы”, “Оқушы анықтағышы”, “Оқушы сөздіктері” топтамасының қазақ және орыс тілдеріндегі анықтамалық басылымдар, түрлі тақырыптағы жеке анықтамалық құралдар ұсынылған, сондай-ақ оларды қалай пайдалану керектігі жайлы баяндалған, […]

«Знаки. От петроглифа к орнаменту»

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Орталық балалар кітапханасында «Знаки. От петроглифа к орнаменту» атты онлайн тарих сағаты өтті. Жартастағы бейнелер немесе петроглифтер – бұл біздің ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргені және аң аулағаны, кімге табынғаны жайлы бірегей хаттары. Жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Қазақстанда бұл […]

«Абай ауылына саяхат»

Орталық балалар кітапханасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай ауылына саяхат» атты онлайн арқылы ақпараттық сағат өткізді. Ақпараттық сағат 3 бөлімнен құрастырылды: Алатау аясында; Тоғыз жолдың торабы; Шежірелі Шыңғыс. Кітапханашы әр тақырыпты толықтай аша отырып, мағлұмат беріп өтті.