Month: Ақпан 2021

«Сиқырлы әріп»

Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Дауысты кітап» клубы аясында әлеуметтік желінің кішкентай тыңдармандарына В.Драгунскийдің әңгімелері бойынша «Сиқырлы әріп» онлайн дауыстап оқу іс-шарасын ұйымдастырды. Виктор Драгунский – әйгілі балалар жазушысы. В.Драгунскийдің қызықты және еліктіргіш әңгімелері кішкентай оқырманды назардан тыс қалдырмайды. Жазушыны танымал еткен «Денистің әңгімелері» атты әңгімелер топтамасы. «Сиқырлы әріп» әңгімесі «ш» дыбысына тілі келмейтін […]

«Бір ел – бір кітап»

2012 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстан балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты кітабы бойынша «Ине мен жіп» және «Кітап мұңы» ертегілері әлеуметтік желідегі оқырмандар арасында дауыстап оқу ұсынылған болатын. «Ине мен жіп» ертегісінде екеуінің достығы жайлы баяндалады. «Кітап мұңы» ертегінде кітапты қалай бағалау, кітап қадірін түсіне білу жайында сөз […]

«Аққулар ұйықтағанда»

Биыл ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Аққулар ұйықтағанда» атты онлайн поэзия кеші өткізілді. Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы жарияланды. Композиция жағынан поэма үш тарауға бөлінген. Бейнеролик барысында […]

“Өнер – білім бар жұрттар”

Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Өнер – білім бар жұрттар» поэзия сәтінің «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Орталық балалар кітапханасы «Өнер – білім бар жұрттар» атты поэзия сәтін өткізді. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және […]

«Қайғылы оқиғаның ақиқатын іздеуші»

Орталық балалар кітапханасы Бекболат Хазыровтың 95 жылдығына орай «Қайғылы оқиғаның ақиқатын іздеуші» атты онлайн өлкетану сағаты өткізілді. Бекболат Манапұлы Хазыров – тарихшы, өлкетанушы, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Павлодар қаласында тұрады. Өлкетану сағатта Б.Хазыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат берілді. Б.Хазыров жазған кітаптар ұсынылды. Әр кітапта қысқаша сипаттама берілді.