Day: Маусым 18, 2021

“Гүл этикеті”

Орталық балалар кітапханасы мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған “Гүл этикеті” әдеби ойынын өткізді. Іс-шара барысында балалар гүлдердің пайда болуымен байланысты жұмбақ аңыздарды тыңдап, “Бір рет түймедақ, екі түймедақ…”, “Танысайық” (гүлдерді қалай дұрыс сыйлау туралы) викториналарына қатысып, жұмбақтарды бірге шешіп, бос уақыттарын көңілді және пайдалы өткізді. Іс-шараның соңында балалар гүлдер туралы «Жай ғана» атты мультфилімін тамашалады.