Day: Шілде 7, 2021

«Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасы

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №5 ЖОББМ «Бірлік» бос уақытты қамту орталығының балаларына «Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Жарыс әдебиеттің ертегілер, классика, детектив, шытырман оқиғалар сынды түрлі жанрлары бойынша өтті. Әдеби жарыстарға 3 адамнан 2 топ қатысты. Ойыншылардың міндеті: кітап жолымен жүру, жолда көптеген кедергілерді жеңу және мәреге бірінші болып келу. Жарыс балалар таныс ертегілер бойынша сұрақтарға […]

«Жайнай бер, Нұр-Сұлтан!»

Орталық балалар кітапханасында Елорда күніне орай «Жайнай бер, Нұр-Сұлтан!» кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесіне шолу жасау барысында балақайлар елорда жайында сыр шертетін әдебиеттермен, Нұр-Сұлтан қаласының пайда болу тарихымен және оның көз тоймас көрікті жерлерімен танысты. Одан әрі балалар Қазақстан туралы викторина сұрақтарына жауап берді.