Month: Маусым 2021

«Кітап – балалардың айнымас досы»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №25 қазақ қыздар гимназиясының жазғы мектеп лагерь оқушыларына арнап экскурсия өткізді. ОҚК балалар бөлімінің қызметкері Ж.Қ.Бектасова «кітапхана» ұғымы жайлы түсінік бере келе, кітапхананың мақсаты мен қызметі және т.б. жайында қысқаша баяндап өтті. Сонымен қатар, балаларды кітапхана қорымен, кітапханаға жазылу тәртібімен таныстырып, кітапхана оқырмандары кітапхананы пайдалану ережесін сақтауға міндетті екендігін […]

«Оқыңыз, жаңа сиқырлы әлемді ашыңыз!»

Экскурсияның мақсаты – балаларды кітапханамен, кітап қорымен таныстыру. Балалардың кітапқа, сондай–ақ кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Қатысушылардың көптігіне байланысты балалар 2 топқа бөлінді. Бірінші топ кітапханаға экскурсия жасады, ал екінші топ шағын ауданның ауласында «Секіртпемен және доппен жүгіру», «Торғай мен түлкі», «Жер, су, ауа, от», «Басқаға бер» сынды қозғалмалы ойындар ойнады. Балалар үшін түрлі конкурстар, […]

«Кітаппен өткен жаз қызық»

№35 мектеп-гимназиясының жазғы мектеп лагерінің 1-4 сынып оқушылары Орталық қалалық кітапхананың балалар бөліміне саяхатқа келді. ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері Т.Е.Ракишева мен Ж.Қ.Бектасова балаларды кітапхананың қорымен, кітапханаға жазылу тәртібімен, кітапхананың жалпы ережелерімен және т.б. таныстырып өтті. Кітапхана әлеміне саяхатқа келген оқушылардың назарына «Қазақтың ертегілері», «Мектеп кітапханасы», «Нұрсәуле-Лучик», «Сиқырлы кітап», «Кітаптар менің достарым», «Ертегілер планетасы» және т.б […]

“Гүл этикеті”

Орталық балалар кітапханасы мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған “Гүл этикеті” әдеби ойынын өткізді. Іс-шара барысында балалар гүлдердің пайда болуымен байланысты жұмбақ аңыздарды тыңдап, “Бір рет түймедақ, екі түймедақ…”, “Танысайық” (гүлдерді қалай дұрыс сыйлау туралы) викториналарына қатысып, жұмбақтарды бірге шешіп, бос уақыттарын көңілді және пайдалы өткізді. Іс-шараның соңында балалар гүлдер туралы «Жай ғана» атты мультфилімін тамашалады.

“Құстар достар”

Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының ұжымы №25 қыздар гимназиясының “Кәусар бұлақ” жазғы лагерінің балаларына арналған “Құстар достар” атты танымдық сағатын өткізді. Іс – шарада табиғаттың бір бөлігі құстар туралы, құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері айтылды.Оқушылар құстарға байланысты халық болжамдарын айтты .Одан кейін балаларға «Құс пен түлкі» атты мультфильмін ұсынылды […]

«Бұл қай қала, бұл қай көше?»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова Екібастұз қаласының күніне орай «Бұл қай қала, бұл қай көше?» атты өлкетану ойынын өткізді. Ойынды бастамас бұрын жүргізуші сүйікті шаһарымыздың көрікті жерлері, туған қаламыздың тарихы, сондай-ақ Екібастұз өңірінің танымал тұлғалары жайында айтып өтті. Балаларға қала туралы қысқаша мағлұмат берілген соң, кезек ойынға да келіп жетті. Жүргізуші балаларға логикалық сұрақтар қойып, […]

«Кітапхана-таңғажайып кітап әлемі»

ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері №24 мектеп-гимназиясының жазғы мектеп лагерінің оқушыларына саяхат сабағын өткізді. Кітапханашы Т.Е.Ракишева балаларға «кітапхана» ұғымы, кітапхананың қызметі, кітапханаға жазылу тәртібі, кітапхананың жалпы ережелері, жұмыс кестесі, кітап қоры, мерзімді басылымдар, кітап көрмелері жайында қысқаша мағлұмат берді. Балалар назарына «Балалар энциклопедиясы», «Сиқырлы кітап», «Қара мысық» сынды танымал кітаптар, сонымен қатар «Айгөлек», «Маша мен аю» […]

«Мыстан Кемпір және оның сияқырлы сыпырғышы»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е.Ракишева А.С.Пушкиннің туғанына 222 жыл толуына орай «Мыстан Кемпір және оның сияқырлы сыпырғышы» атты ертегісіне саяхат жасады. Елімізде орын алған шектеу шараларына байланысты іс-шара онлайн форматта өтті. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, бейнебаян дайындалды. Бейнебаянда автордың ертегілері, сонымен қатар «Алтын айдарлы қораз» ертегісі бойынша викториналық сұрақтар мен ойын түрінде тапсырмалар берілді. […]

«Табиғат – тіршілік көзі»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Өркен» шығармашылық зертханасы аясында «Табиғат – тіршілік көзі» атты виртуалды балалар сурет көрмесін дайындады. Бұл шараға мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Олар А.Марат, А.Жетписова, А.Саназарова және басқалары. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталды. Аталмыш кітап көрмеден табиғат энциклопедиясы, өсімдіктер әлемі т.б. шығармалар […]

«Айналадағы әлеммен танысу»

Орталық балалар кітапханасының ұжымы жаратылыстану ғылымдарын насихаттау мақсатында «Айналадағы әлеммен танысу» атты экологиялық ассорти өткізді. Балаларға «Табиғат» дегеніміз не? «Экология» деген сөз нені білдіреді? Және т.б. ұғымдарға толық мағлұмат беріліп, балаларды жастайынан табиғатқа қамқорлық жасап, айналадағы барлық тіршілік иелерін қорғауға үндеді. Іс-шара «Шағым кітабы» сайысымен басталды. Кітапханашы белгілі бір жануардың шағымын оқиды, ал балалар болса, […]