Day: Қыркүйек 24, 2025

«Лидер словесности»

«Білімпаз» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтеріне мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Лидер словесности» атты зияткерлік ойын өткізді. Ойын барысында балалар түрлі танымдық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін шыңдады. Шара баланың тұлғалық дамуына, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.