«Отбасы сенімен мәңгі бірге»

Отбасы күніне орай балалар оқу орталығының қызметкерлері №33 ЖОМ 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы сенімен мәңгі бірге» атты әдеби сандық шарасын өткізді. Шара барысында балалар отбасы тақырыбына суреттер салып, оның маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ оқушылар өз ата-аналары мен ата-әжелері туралы жүрекжарды лебіздерін білдіріп, «сиқырлы сандықтан» алынған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Іс-шара «Продолжи пословицу или поговорку» атты қызықты ойынмен жалғасты. Соңында кітапханашы «Семья с тобой навсегда» атты жадынама парақшасын оқып беріп, отбасы – әр адам үшін мейірім мен махаббатқа, жылулық пен қамқорлыққа толы орын екенін түсіндірді. Сондай-ақ балалар назарына «Отбасы сенімен мәңгі бірге» атты кітап көрмесі ұсынылып, онда түрлі танымдық әрі көркем безендірілген балалар әдебиеті таныстырылды.

Updated: Қыркүйек 12, 2025 — 10:29 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған