«Язык объединяет народы»
Балалар оқу орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Язык объединяет народы» атты танымдық сағаты өтті. Бұл шараға №10,13,18,23 ЖОМ, №26 гимназия – мектебінің оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды мерекемен құттықтап, тілдер күні мерекесінің тарихымен таныстырып өтті. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің маңыздылығын және орыс тілінің халықтар арасындағы достық пен түсіністікті ететіні туралы айтылды. «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңының негізгі бөлімдеріне да ерекше назар аударылды. Оқушылар «Язык – опора моего народа» викторинасына қатысып, елдегі әртүрлі тілдер мен мәдениеттер туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, «Под шаныраком дружбы живут народы Казахстана» атты танымдық ойын-презентацияда ұлттық киімдегі суреттер арқылы әр ұлтты анықтап, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. «Найди ошибки в стихотворении и исправь» сайысында оқушылар өздерінің сауаттылығын сынап көрсе, тіл туралы мақал-мәтелдер сайысында жартылай берілген мақалдарды толықтырып, білімдерін көрсетті. Іс-шара соңында балалар жаңылтпаштарды жатқа айтып, «Қазақстан» атты бейнероликті тамашалады. Сондай-ақ, шара аясында «Тіл халықтарды біріктіреді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған тіл, достық тақырыбындағы әдебиеттер қойылды. Кітапханашы көрмеге шолу жасады. Танымдық сағат жылы әрі достық атмосферада өтті.