Month: Маусым 2019

«Кітаппен достықта»

Жаз – бұл бақытты күнмен жақсы көңіл-күй мезгілі! Жазды жаңа жаңалықтарсыз және қызықты кітаптарсыз елестету мүмкін емес! №10 мектеп жанынан ашылған «Даулет» лагерьінің оқушылары Орталық балалар кітапханасына саяхатқа келді. Шара барысында балаларға кітапханаға саяхат жасап, кітапхана ережелерімен, кітап оқу ережесімен таныстырды. Кітаптың алғашқы шуғу тарихынан мағлұматтар айтып өтті. Содан соң, оқушылар кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, […]

«Ертегі әлемі шақырады»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №24 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы “Радуга” лагерьінің балаларына халық ертегілеріне арналған «Ертегі әлемі шақырады» атты әдеби марафон өткізді. Шара барысында балалар ойындар ойнап, қазақ, орыс және шетел халық ертегілерінен тұратын викториналық сұрақтарға, жұмбақтарға жауап берді. Іс шараның сонында кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Ғажайыптың аты – кітап»

№ 4 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен № 16 мектеп жанындағы жазғы лагерьінің оқушыларына арналған «Ғажайыптың аты – кітап» әдеби компас өткізілді. Шара барысында мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар шешіліп, «Кітап қалашығына» ойын саяхат жасауымен жалғасын тапты. Балалар ойынға үлкен қызығушылықпен қатысты. Іс шараның сонында кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Көңілді жаз»

Орталық балалар кітапханасында № 5 мектеп жанындағы “Эрудит” лагерь балаларының қатысуымен «Көңілді жаз» атты байқау бағдарламасы өткізілді. Байқау бағдарламасы 5 кезеңнен тұрды. Барлық кезеңдер жаз тақырыбына арналды. Одан кейін балалар жаз туралы бейнеролик, мультфильмдер тамашалады.

«Ертегілер еліне саяхат»

Орталық балалар кітапханасында №26 мектептің «Ғажайып әлем» жазғы лагерьдің балаларының қатысуымен «Ертегілер еліне саяхат» атты мультсалон өткізілді. Библиограф Е.А. Қасенова балаларды кітапханамен таныстырып, ережелерін түсіндіріп өтті. Мультсалон саяхаты «Ертегілер әлемі» әнімен ашылды. Балалар, ертегілер еліне саяхат жасап, жасырынған ертегілерді жылдам, шапшаң табуға тырысты, өздерінің көп оқитындарын білдірді. Соңында «Темір және Айдаһар», «Қошқар мен Теке» атты […]

«Тастардың білгірі – Қосым»

Орталық қалалық балалар бөлімінің қызметкерлері қалалық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп әйгілі кентанушы Қ.Пшенбаевтың 175 жылдығына орай ескерткіші жанында тарихи круиз ұйымдастырды. Шараға Екібастұз ардагерлер кеңесінің өкілдері, «Next» ұрпағының оқушылары, «Жас өлкетанушы» үйірме жетекшісі қатысты. Шара барысында музей қызметкері Қ. Пішенбаевтың өмірі, еліне сіңірген еңбегі туралы қысқаша баяндап өтті. Қосым Пішенбаев тапқан көмірді игеру нәтижесінде Екібастұздай әсем […]

«Шатырдағы шоу»

Орталық балалар кітапханасында №5 мектеп жазғы демалыс «Балдәурен» легерьінің оқушыларымен «Шатырдағы шоу» ойын бағдарламасы өткізілді. Шара қызықты басталды. Балалар ертегі кейіпкерлерін танып, әдеби сұрақ-жауаптарға, мысал мен жұмбақ шешуіне қатысты. Белсенді қатысқандар тәтті сыйлықтарға ие болды.

“Фетрден жасалған бұйымдар”

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға “Дарынды саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында “Фетрден жасалған бұйымдар” атты шеберлік-сынып өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер Т.В. Кихай, Б.Н. Курумбаева, Р.З. Самсенова балаларға үлкен шеберлікпен қолдан түрлі-түсті бұйымдарды жасауға үйретті. Шара соңында, балалар қолдан жасалған бұйымдар туралы кітаптармен таныс болып, керекті мәліметтер алды.

«Ол-құтқарушы, бұл осындай мамандық»

№35 мектеп гимназиясының жазғы демалыс лагерьінің оқушылары Орталық балалар кітапханасында ТЖ комитетінің құтқарушы мамандарымен ұйымдастырылған «Ол-құтқарушы, бұл осындай мамандық» атты кездесуге қатысты. Шараның қонағы ретінде қатысқан бөлімшенің басшысы М.М. Оспанов, бас мамандар Р. Жұмабеков, П. Дятченко балаларға құтқарушы мамандығының қыр-сыры туралы сондай-ақ қауіпсіздік шаралары және т.б. тақырыпқа қатысты әңгіме өрбітті. Шара соңында қатысушылардың назарына «Миссия […]

“Пушкинмен балалық шақтан таныспыз”

Ақын Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жыл толуына орай Орталық балалар кітапханасында әдеби ойын өткізілді. Кітапханашы ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы айтып өтті. Жазғы демалыс лагерінің балалары әдеби викторинаға, ертегілері бойынша ойынға “Сиқырлы сандық”, «Сөйлемді жалғастыр», жұмбақтардың шешуін тауып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Балалар өздерінің алғырлығымен қатар, ақын жайлы көп білетіндерін көрсете білді. Шара соңында «Мой Пушкин, […]