Орталық қалалық балалар бөлімінің қызметкерлері қалалық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп әйгілі кентанушы Қ.Пшенбаевтың 175 жылдығына орай ескерткіші жанында тарихи круиз ұйымдастырды.
Шараға Екібастұз ардагерлер кеңесінің өкілдері, «Next» ұрпағының оқушылары, «Жас өлкетанушы» үйірме жетекшісі қатысты.
Шара барысында музей қызметкері Қ. Пішенбаевтың өмірі, еліне сіңірген еңбегі туралы қысқаша баяндап өтті.
Қосым Пішенбаев тапқан көмірді игеру нәтижесінде Екібастұздай әсем қала құрылды. Сондықтан Қосым менің де, сендердің де, әрбір екібастұздықтың атасы деп – кентанушының немере туысы А. Есімбаев сөз сөйледі.
Шара соңында кітапханашы Т.Ю. Хохлова кітапхана қорындағы Екібастұз және Қ. Пішенбаев жайлы кітаптармен таныстырды.