№35 мектеп гимназиясының жазғы демалыс лагерьінің оқушылары Орталық балалар кітапханасында ТЖ комитетінің құтқарушы мамандарымен ұйымдастырылған «Ол-құтқарушы, бұл осындай мамандық» атты кездесуге қатысты. Шараның қонағы ретінде қатысқан бөлімшенің басшысы М.М. Оспанов, бас мамандар Р. Жұмабеков, П. Дятченко балаларға құтқарушы мамандығының қыр-сыры туралы сондай-ақ қауіпсіздік шаралары және т.б. тақырыпқа қатысты әңгіме өрбітті. Шара соңында қатысушылардың назарына «Миссия выполнима» бейнесюжетінің көрсетілімі ұсынылды.