«Тұлға феномені»


“Екібастұз қаласының Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, мүмкіндігі шектеулі балаларды күту бөлімшесі” КММ – нің балалар мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған ОҚК-нің оқу залында Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы – Т. Рақышев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н. Ә. Назарбаевқа арналған шара өткізді. Іс – шара “1 желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президенті Күні” атты бейнероликті көрсетумен басталды. Одан кейін жүргізуші мемлекеттік мереке тарихы, “президент” сөзінің мәні, экс-президенттің өмірі мен қызметі, отбасы, оның егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы баға жетпес үлесі, отан алдындағы еңбегі және т. б. туралы айтып өтті.
Барлық әңгіме бейне материалдармен сүйемелденді: суреттер, бейнесюжеттер, ҚР Президенті мен Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер оқылды.

Updated: Қараша 29, 2019 — 10:24 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған