Month: Сәуір 2024

Жаманбалинов оқулары

Балалар оқу орталығының қызметкерлері Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты Жаманбалинов оқуларын ұйымдастырды. Іс-шараға №25 қазақ қыздар гимназиясының 2 «А» сынып оқушылары қатысып, өздерінің өлең оқудағы шеберліктерін көрсетті. Кітапханашы Мүбәрак Жаманбалиновтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстырып өтті. Одан әрі оқушылардың көркем оқу шеберлігін, сахналық шеберлігін әділқазылар – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, […]

«Кітаппен әлем жарқын және мейірімді»

Бүгін, 2 сәуір күні дат жазушысы, атақты ертегіші Ханс Христиан Андерсеннің туған күні, осы күні бүкіл әлем Халықаралық Балалар кітабы күнін атап өтеді. Құрметті жас балғын балалар, балалар оқу орталығы сендердің талғамдарыңызға сай түрлі кітаптарды ұсынады. Сендерді ақыл мен білім ордасына, таңғажайып кітап әлеміне шақырамыз!