«Кітаптармен дос болып – кітапханаға келеміз»

This slideshow requires JavaScript.

Орталық балалар кітапханасында №24 мектеп оқушыларына «Кітаптармен дос болып – кітапханаға келеміз» атты саяхат өткізді

ОБК-ның библиографы Касенова Е.А., оқушыларды кітапханамен, және сериялы кітаптармен таныстырды. Балалардың назарына «Ертегілер елінде» сериясынан 10 кітап, «Балаларға базарлық» сериясынан 6 кітап, «Аруна» баспасынан 8 кітап ұсынылды. Балалар кітаптарды қызығушылықпен қарап, кітапханашы ертегілер бойынша викториналар жүргізді.

Содан соң «Twister» және де шахмат ойынын ойнап, балаларға арналған бөлмеге өтіп кітап оқыды.

Кішкентай оқырмандар кітапхананың оқырман залына жазылып ата-аналарымен келіп тұратындарын айтты.

Updated: Сәуір 12, 2019 — 11:33 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған