Month: Наурыз 2024

«Бәрін білетін кітаптар»

Көктемгі демалыс күндері балалар оқу орталығында №6 мектеп-гимназия оқушыларына арнап «Бәрін білетін кітаптар» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Шара барысында кітапханашы «энциклопедия» деген сөздің мағынасы туралы мәлімет беріп, кітапхана қорына тиесілі ақпарат көздерімен толығырақ таныстырды. Сондай-ақ балалар анықтамалық әдебиет әлеміне саяхат жасады. Содан соң кітапханашы «Я познаю мир», «Все обо всем» сериясымен шығатын энциклопедияларға шолу жасап, […]

«Ақылдылар мен алғырлар»

Балалар оқу орталығында Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың қатысуымен «Ақылдылар мен алғырлар» атты интеллектуалды ойын өтті. Балалар екі командаға бөлініп, жылдамдық пен тапқырлыққа негізделген, сондай-ақ зияткерлік қабілетті дамытуға арналған түрлі тапсырмаларды орындады. Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.

«Бірінші сынып оқушыларын оқырмандар қатарына қабылдау»

Бүгін балалар оқу орталығында Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығының ашылуы аясында №10 ЖОМ-нің 1-сынып оқушыларына арналған «Бірінші сынып оқушыларын оқырмандар қатарына қабылдау» дәстүрлі іс-шарасы болып өтті. Іс-шара ойын түрінде өтті. Балақайлар кітап мен білімді өздеріне серік етіп, көптеген сынақтардан өтті. Шара барысында болашақ оқырмандар ғажайып ертегілердің авторларын тауып, жасырылған жұмбақтарды шешіп, ертегілердің кейіпкерлері жайлы түрлі […]