«Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасы

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №5 ЖОББМ «Бірлік» бос уақытты қамту орталығының балаларына «Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Жарыс әдебиеттің ертегілер, классика, детектив, шытырман оқиғалар сынды түрлі жанрлары бойынша өтті. Әдеби жарыстарға 3 адамнан 2 топ қатысты. Ойыншылардың міндеті: кітап жолымен жүру, жолда көптеген кедергілерді жеңу және мәреге бірінші болып келу. Жарыс балалар таныс ертегілер бойынша сұрақтарға жауап берумен бастау алды. Одан әрі қатысушылармен «Батырды таны», «Мақал-мәтел жина», «Авторы кім?», «Ертегі сөзжұмбағы» және т.б. сияқты қызықты ойындар ойналды. Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, іс-шара өте көңілді де қызықты өтті. Балалар түрлі ойындар ойнап сергіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне аттанды.

Updated: Шілде 7, 2021 — 9:38 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған