«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №22 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай бейнешолу шарасын өткізді.
Шара барысында оқушыларға 1723-1727 жылдардағы Қазақстан тарихының ауыр да қасіретті кезеңдерінің тарихымен таныстырып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы туралы бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылардың назарына тарихи оқиғаның тереңдігін, қасіретін көрсететін, қазақ тарихында өшпес із қалдырған «Елім-ай» жыры ұсынылды.
Шара соңында арнайы ұйымдастырылған кітап көрмеге шолу жасалды.

Updated: Мамыр 17, 2023 — 12:31 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған