«Знаки. От петроглифа к орнаменту»

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Орталық балалар кітапханасында «Знаки. От петроглифа к орнаменту» атты онлайн тарих сағаты өтті.
Жартастағы бейнелер немесе петроглифтер – бұл біздің ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргені және аң аулағаны, кімге табынғаны жайлы бірегей хаттары. Жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Қазақстанда бұл суреттердің сан алуандығы сақталған. Пайдаланушылар үшін бейнероликте «Құпия белгілер» бейнесюжетінен үзінді ұсынылған, онда петроглифтер мен оларды көруге болатын орындар, ата-бабаларымыз қалдырған жұмбақ таңбалары туралы баяндалады.
Бұдан әрі назарларыңызға қазақ ұлттық ою-өрнегі ұсынылған, оның түрлері мен атаулары өте көп. Шара соңында «Ұлы жаһангерлердің жолдауы» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Updated: Қазан 19, 2020 — 1:04 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған