Month: Қыркүйек 2025

«Лидер словесности»

«Білімпаз» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтеріне мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Лидер словесности» атты зияткерлік ойын өткізді. Ойын барысында балалар түрлі танымдық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін шыңдады. Шара баланың тұлғалық дамуына, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

«Отбасы сенімен мәңгі бірге»

Отбасы күніне орай балалар оқу орталығының қызметкерлері №33 ЖОМ 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы сенімен мәңгі бірге» атты әдеби сандық шарасын өткізді. Шара барысында балалар отбасы тақырыбына суреттер салып, оның маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ оқушылар өз ата-аналары мен ата-әжелері туралы жүрекжарды лебіздерін білдіріп, «сиқырлы сандықтан» алынған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Іс-шара «Продолжи пословицу или поговорку» […]

«Язык объединяет народы»

Балалар оқу орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Язык объединяет народы» атты танымдық сағаты өтті. Бұл шараға №10,13,18,23 ЖОМ, №26 гимназия – мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды мерекемен құттықтап, тілдер күні мерекесінің тарихымен таныстырып өтті. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің маңыздылығын және орыс тілінің халықтар арасындағы достық пен түсіністікті ететіні туралы айтылды. «Қазақстан Республикасының […]