«Думай, играй, узнавай»


Балалар оқу орталығында Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін Дүниежүзілік балалар күніне орай «Думай, играй, узнавай» атты ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі қағидалары мен маңызды тармақтарын түсіндіріп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
Одан әрі түрлі балалар қызықты байқауларға белсене қатысып, өздерінің білімін, жылдамдығын және тапқырлығын көрсетті.
Сонымен қатар «20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні» атты кітап көрме рәсімделіп, балалар назарына ұсынылды.

Updated: Қараша 20, 2025 — 11:06 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған