«Давайте говорить друг другу комплименты»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №10 ЖОМ оқушыларының қатысуымен әдеп ережелеріне арналған «Давайте говорить друг другу комплименты» атты эрудит-ойынын ұйымдастырды. Кітапханашы балаларға «жақсы әдеттер», «мінез-құлық ережелері», «этикет» ұғымдарының мәнін түсіндіріп, күнделікті өмірде сыпайылық пен әдептіліктің маңызы туралы әңгімеледі. Оқушылар кітапханада, қонақта, көшеде және қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстау ережелерімен танысты. Іс-шара түрлі тапқырлыққа баулитын ойындармен, қызықты викториналармен жалғасын тапты. Ойын барысында «Правила этикета», «Этикет: правила вежливости и общения» бейнероликтері көрсетілді. Кеш соңында балалар «Хорошие манеры» атты тақырыптық кітап көрмемен танысып, әдептілік пен ізеттілік – адамның ең басты қасиеттерінің бірі екеніне көз жеткізді.



