«Менің елім – менің мақтанышым»


Балалар оқу орталығының қызметкерлері көркемсурет мектебінің оқушыларына арнап «Менің елім – менің мақтанышым» атты әдеби квиз шарасын өткізді. Шараға арнайы «25 қазан – Республика күні!» атты кітап көрмеі безендіріліп, жұртшылық назарына ұсынылды.
Әдеби квиз төрт кезеңнен тұрды: «Авторды тап», «Бұл қандай шығарма?», «Халық даналығы» және «Блиц-сұрақтар».
Оқушылар шығармалар мен олардың авторларын еске түсіріп, кітапханашының сұрақтарына белсене жауап берді. Іс-шара соңында қатысушылар көрмеге қойылған әдебиеттермен танысып, рухани әсер алды. Квиз жеңімпаздарына тәтті сыйлықтар табысталды. Шара көңілді және танымдық сипатта өтті.

Updated: Қазан 23, 2025 — 11:26 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған