«Жануарлар әлемінде»

«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №16 сәбилер бақшасының бүлдіршіндеріне арналған дауыстап оқу іс-шарасын өткізді. Шараға арнайы жануарлар туралы ертегілер таңдалып, дауыстап оқылды. Кітапхананың оқырман залында жануарлар туралы энциклопедиялық кітаптардан көрме ұйымдастырылып, кітапханашы әр кітапқа қысқаша шолу жасап өтті. Сонымен қатар балалар «Бұл жануар немен қоректенеді?», «Қай жерде тіршілік етеді?», «Қандай ерекшелігі бар?» сияқты бірқатар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдірді. Одан кейін «Құмырсқаның қанағаты» ертегісі оқылып, балалар түсінгендерін, сондай-ақ ертегінің кейіпкерлері жайында өз ойларын бал тілдерімен жеткізуге тырысты. Шара соңында бүлдіршіндер «Джунгли кітабы» мультфильмін тамашалады. Шара сергіту сәтімен өз мәресіне жетті.

Updated: Қазан 15, 2025 — 4:46 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған