Жазғы демалыс кезінде ОБК-да «Оқырмандар алқасы» атты акция өтті. Демек, аталмыш акцияда оқырмандар кітапты оқып қана қоймай, сондай-ақ оқыған кітаптарына баға беріп, ой-пікірлерін ортаға салды. Оқырмандар оқыған кітаптарының өңірбетіне (форзацы) белгілі бір түсті жапсырмалар (стикер) жапсырды. Қызыл түсті жапсырма- «өте керемет кітап!», сары түсті жапсырма – «қызықты, бірақ көңілімнен шықпады», жасыл түсті жапсырма-«тіпті оқудың да қажеті жоқ». Осылайша, кез-келген оқырман осы жапсырмаларға қарап, бұл кітаптың басқаларға ұнағанын я болмаса ұнамағанын біле алды. Негізгі мақсат – акцияға мүмкіндігінше балаларды, жасөспірімдерді, сондай-ақ олардың ата-аналарын тарту болатын. Осы мақсатта балалар бөлімінде «Өзің оқы да, досыңа ұсын» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама негізінде «Достан кеңес» кітап көрмесі жасақталды. Кітапхана қызметкерлері аталмыш көрме арқылы жас оқырмандарға белгілі бір кітаптар ұсынып, белсенді де жеке жұмыс жүргізді. Акция өз мәресіне жетіп, қорытынды шығарылды.
Оқыған кітаптардың ішінде көш бастаған, сондай-ақ ең көп оқылғаны -Катя Матюшкинаның «Кот да Винчи. Улыбка Анаконды», Э.Успенскийдің кітаптары, Р.Е. Распэнің «Приключние барона Мюнхгаузена», балаларға арналған ертегілер, А.Сент–Экзюперидің «Маленький принц» және т.б кітаптар.
А.Волковтың «Волшебник Изумрудного города», Л.Гераскинаның «В стране невыученных уроков», Драгунскийдің «Денискины рассказы», А.Усачевтің «Умная собачка Соня», А. Гайдардың «Тимур и его команда», Г.Малоның «Без семьи», А.П.Чеховтың «Рассказы», А.Линдгреннің «Пеппи Длинный чулок», А.Толстойдың «Приключения Буратино», В. Стрэндждің «Проклятие пиратского крюка», Ш.Кричтің «Замок Корона» А.Уолсонның «История отважного медвежонка», Б.Перплистің «Дело о призрачном воре», «Тайна золотого кристала», «Механический секрет» және т.б. кітаптар жас оқырмандар арасында зор сұранысқа ие болып, олардың қызығушылығын тудырды.