6 қазан күні Орталық балалар кітапханасының библиографы С.Тұрсынханова мен кітапханашысы Г.Сағындықова №12 сәбилер балабақшасының қызметкерлеріне арналған «Тәрбиеші болу – бақыт» тақырыбында мамандар күнін өткізді. Аталмыш іс-шарада балабақша тәрбиешілерін балалармен жұмыс істеуге көмектесетін, бағыт-бағдар беретін түрлі әдістемелік, сондай-ақ балалар әдебиеттерімен таныстырды.
Кітапханашы іс-шараны қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың «Тәрбиеші» атты өлеңімен бастады. Көпшілік назарына кітапхана, сондай-ақ кітапханамызда өткен түрлі қызықты іс-шаралар жайлы бейнебаян ұсынылды. Біраз кітапхана тарихына тоқталып, барлығына бірдей дерлік кітапхана ережесімен таныстырып өтті. Іс-шара барысында тәрбиешілер тіркелу карточкасы мен анкета толтырды.
Тәрбиешілер назарына «Бала тәрбиесі-баршаға ортақ» атты кітап көрмесін жасақтады. Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрды.
1 бөлім: Ата-аналарға арналған кітаптар. Мысалы «Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле» атты кітабы, бұл кітапта ата-ана қандай болу керек, балаға қандай үлгі беру керек екендігі жайлы баяндалған.
2 бөлім: Тәрбиешілерге арналған кітаптар. Мысалы «Математика» кітабы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын (заттың түсін, көлемін, уақытты бағдарлауды және т.б) қалыптастыру. Сондай-ақ онға дейінгі сандарды санап үйрету, оларға амалдар қолдану.
3 бөлім: Тәрбиешілерге арналған мерзімді басылымдар. Тәрбиешілерге арналған көптеген мақалалар, іс-шаралардың сценарийлері жазылған.
Баланы кітапқа баулу үшін ересек адам өзі кітапты сүюі қажет, өйткені ересек адам өзі нені жақсы деп білсе, нені жаман десе, соны баласына таңады.
Кітап көрмесінен «Бала мен балабақша», «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар», «Тәрбиелік іс-шаралар» сынды журналдар орын алды. Көрмеде барлығы 49 кітап; оның 33 –і қазақ тілінде, 16-ы орыс тілінде қойылды.
Іс-шара соңында тәрбиешілер келесі мамандар күнін «Балалар психологиясы» тақырыбында өткізуге өтініш білдірді.