Балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева №10 ЖОМ «Солнышка» жазғы лагерь балаларына арнап оқу залында «В мире магии Джоан Роулинг» квиз- book шарасын өткізді. Бұл шара британдық жазушы Джоан Роулингтің 60 жылдығына және Гарри Поттердің туған күніне арналды.
Шара барысында балаларға Джоан Роулингтің өмір жолымен, қазіргі замандағы әдебиеттегі алар орны мен сиқырлы әлемді сипаттайтын Гарри Поттер туралы кітаптар сериясының жазылу тарихы жайында мағлұмат берілді.
Квиз-book шарасының ойын бөлімінде балалар сиқыршы бала туралы кітаптар жайында сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Іс-шара фото, аудио және бейнематериалдармен сүйемелденді. Балалар «Гарри Поттер и философский камень» көркем фильмінен үзінді тамашалап, сиқырлы әлемге бір сәтке еніп кеткендей әсер алды. Сондай-ақ, қазақ және орыс тілдеріндегі Гарри Поттер туралы кітаптар ұсынылған көрме ұйымдастырылды.