БОО қызметкерлері Астана күніне орай «Астана – сердце народа» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға №13 ЖОМ жазғы лагерьдің балалары мен педагогтары қатысты. Балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева қатысушыларды мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтады. Ол қатысушыларға бұл мерекенің тарихы, елорда атауының қашан және қалай өзгергені туралы мәлімет беріп өтті.
Одан әрі балалар Қазақстанның бас қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, «Бәйтерек» монументі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және т.б. көрнекті орындармен танысты. Балалар Астанаға қатысты викторина сұрақтарына жауап берді. Кітапханашы балалармен «Астана: да или нет?» атты қозғалмалы ойын, сондай-ақ «Рифмуем с Астаной», «Город наш лучистый» атты сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған тілдік ойындар өткізді. Іс-шара барысында «Астана-моя любимая столица», «Чудо-город Астана-центр Казахстана» атты бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар «Астана – ел жүрегі» атты кітап көрме ұйымдастырылып, балалар көрмеде ұсынылған қазақ және орыс тілдеріндегі тақырыптық әдебиеттермен танысты.