“Қауіпті де, пайдалы танымал бізге ғаламтор”


Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №19 арнайы мектептің 7-9 сынып оқушыларына “Қауіпті де, пайдалы танымал бізге ғаламтор” атты кітапханалық сабақ өткізді.
Балалар бөлімінде «Кітапхана – қызықты әлем аймағы» атты ашық тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, түрлі-түсті, қызықты суреттері бар қазақ, орыс тілдеріндегі кітаптар, дыбыстық модульдері басылымдар, пазл-кітаптар, «Балаларға базарлық», «Сиқырлы кітап» сериясы оқушылардың назарына ұсынылды.
Кітапханашы Т.Е. Ракишева жұмыс тәртібімен ережелері жайлы айтып өтті. Ересектерге арналған кітапхананың абонемент бөлім жұмысымен кітапханашы Б.А.Қалимова таныстырды. Сонымен қатар кітапханашы Т.Е. Ракишева оқушылар үшін ғаламтор желісіндегі балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне арналған кітапханалық сабақ өткізді. Сабақ барысында электрондық пошта дегеніміз не, интернет-тәуелділік және т.б. жайлы сөз қозғалды. Оқушылар мен педагогтар ғаламтор туралы қызықты фактілерді «Сіз білесіз бе?» танымдық бөлімінде танысып, сондай-ақ ғаламтордың пайдасы мен зияны, ондағы мінез-құлықтың негізгі ережелері жайлы, Екібастұз қаласының балалар кітапхана сайтына қысқаша тоқталып өтті. Шара соңында балалар сұрақ-жауап арқылы, тақырыптың толықтай шешуін тапты.

Updated: Ақпан 24, 2020 — 10:08 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған