«Иірімжіптермен жұмыс: ши тоқу технологиясы»


«Өз қолымызбен жасаймыз» жобасы аясында Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі оқырмандарына қазақ сәндік-қолданбалы өнерінен «Иірімжіптермен жұмыс: ши тоқу технологиясы» атты
шығармашылық сабақ өткізілді.
Балалар әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен түрлі-түсті иірімжіптен ши тоқу технологиясында панно жасауды үйренді. Қолөнерге арналған иірімжіптен басқа қазақ ою-өрнектерін кесуге арналған ақ және түрлі түсті қағаз, ши, желім, қайшы қажет.
Шығармашылық сабақ ОҚК балалар бөлімінде кітапханашы Т.Е.Ракишеваның оқырмандарды қазақ және орыс тілдерінде М.Ш.Өмірбекованың «Қазақ халқының дәстүрлері өнері», У.Жәнібековтың «Қазақ қолөнерінің мәдениеті» және т.б. қазақтың қолданбалы өнері жайлы әдебиеттерімен таныстырумен аяқталды.

Updated: Ақпан 17, 2020 — 9:43 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған