Month: Мамыр 2019

«Ойлан, тап!»

30 мамыр күні №4 балалар кітапханасында (Солнечный кенті) интеллектуалды ойын өткізілді. Шараға №16, №28 мектеп оқушылары мен «Ақ желең» клубының мүшелері қатысты. Интеллектуалды ойын «Таныстыру», «Бәйге», «Тілдік лото», «Кім жылдам», «Жаңғырған салт-дәстүрлер», «Тапқырлық» атты кезендер арқылы бастау алды. Шараны балалар өз өнерлерімен таңғалдырып, өлең оқып, ән айтып, фокуспен жалғастырды. Шара соңында балаларға арналған танымдық әдебиеттерге […]

«Лето! Улица! Библиотека!»

Поздравляем ребят с праздником и с началом летних каникул!!! 1 июня в 10.00 часов приглашаем всех деток на Флэш-акцию «Лето! Улица! Библиотека!». Для этого не нужно будет идти в библиотеку. Яркие книжки сами выйдут на встречу к вам в городской парк отдыха «Шахтер» и в сквер на площади «Казахстан».

“Мектепке дайындаламыз”

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері № 22 “Балбөбек” балабақшасының “Күншуақ”, “Балдырған” тобының балаларымен “Сөйлейтін кітап” клубы аясында Дженнифер Мур-Маллиностың ” Мектепке дайындаламыз “атты кітаптары бойынша дауыстап оқу өткізілді. Дауыстап оқу барысында кітапханашы Г.Г. Сембаева балаларға кітапхана туралы, жұмыс істеу ережесімен, үйге кітапты алуы жайлы түсіндіріп өтті. Балаларға “Мектепке дайындаламыз” кітабын дауыстап оқып берді. Соңында «Кітап – […]

«Іздемпаз бауырсақтар»

Орталық балалар кітапхананың кішкентай оқырмандарына «Іздемпаз бауырсақтар» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Библиограф Е. Касенова балаларды анықтамалық құралдармен таныстырып, энциклопедиялармен қалай қолдануы жайлы айтып берді. Компьютермен жұмыс жасауға тапсырмалар берілді. Балалар үлкен қызығушылықпен Павлодар облысының, Қазақстан Ұлттық энциклопедияларын тамашалады, сонымен қатар транспорттар мен жануарлар туралы энциклопедияларға ерекше назар аударды.

«Жеті таңбаның арғы құпиясы»

Орталық балалар кітапханасында отбасылық оқырмандармен «Жеті таңбаның арғы құпиясы» атты квест – ойыны өткізілді. Шара барысында кітапханашы Г.Ж. Елюбаева Отбасы күнімен құттықтап, квест-ойынын ережесімен таныстырып, ойынды бастады. Ойын барысында әр өткен бекеттен, қатысушылар тапсырманы орындай отырып, бір таңба алулары қажет болды. Квест-ойыны өз мәресіне жетіп, достықпен аяқталып, сыйлықтар таратылды.

«Жас сарбаз – 2019»

№ 4 балалар кітапханасында Отан қорғаушылар күніне арналған «Жас сарбаз – 2019» атты әскери – тарихи ойын өткізілді. Бұл шараға № 28 Абай атындағы қазақ мектебінің 4 «А» және 4 «Ә» сыныбының, № 16 орыс мектебінің 5 «Ә» оқушылары қатысты. Әскери – тарихи ойын үш кезеңнен түрды. Біріншісі кезең сап түзеу, маршировка. Екінші кезеңде спорт […]

«Ар-намыс және даңқ күні»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде, 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне ұйымдастырылған шараға № 24 мектеп-гимназиясының 4 “В” сынып оқушыларымен өткізілді. Шара барысында кітапханашы мерекемен құттықтап, тарихына тоқталып өтті. Оқушыларды әскери ереже тәртіптермен таныстырып, жаттығулар көрсетті. Сұрақ-жауап арқылы викторина мен жұмбақ жасырылды. Шара соңында оқушылар мультфильм тамашалады.

«Үмытылмас ерлік»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде, Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шараға «Екібастұз қаласының тұрғындарына әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі» ҚММ – нің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсету бөлімінің» балалары мен әлеуметтік қызметкерлері шақырылды. Кітапханашы Т. Е. Ракишева қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысының батырлары М. Мәметова, А. Молдағұлова, Р. Қошқарбаев, Н. және батыр-балалар Л. Голикова, […]