Балалар оқу орталығының қызметкерлері №11 жалпы білім беретін мектебінің жазғы лагерінің балаларына «Мақал сөздің мәйегі» атты сайыс өткізді.
Кітапханашы қатысушыларды «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбымен таныстырды. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту, ұлттық тәрбие беру екені айтылды. Мақал-мәтелдердің мән-мағынасы, олардың халық даналығы ретіндегі рөлі туралы баяндама жасады.
Шара барысында оқушылар арасында мақал-мәтелдерді жатқа айту, мағынасын түсіндіру, суретпен сәйкестендіру, әрі сол мақалдарды өмірмен байланыстыру тапсырмалары берілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін көрсетті.
Шара соңында ойындар ойнатылып, сергіту сәті жасалды. Содан соң кітапхана ішімен таныстырып, экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында балаларға кітаптарды қалай іздеу, пайдалану және кітапханаға жазылып, кітап алу тәртібі түсіндірілді.