«Жұлдызды сәт»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері балалардың шығармашылық қабілетін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, өзін еркін ұстап, көпшілік алдында өнер көрсету дағдыларын дамыту мақсатында «Жұлдызды сәт» сайысын өткізді. Сайысқа №11 ЖОМ жазғы лагерь балалары қатысты.
Іс-шара басында кітапханашы сайыстың мақсатымен, ережесімен таныстырды. Сайыс барысында тек қана өнер көрсету ғана емес, эстрадалық жарыстың болатыныны ескерілді.
Іс-шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Ал, жеңіске жеткен командаға «Жұлдызды сәт» медальі табысталды.
Содан соң кітапхана ішімен таныстырып, экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында балаларға кітаптарды қалай іздеу, пайдалану және кітапханаға жазылып, кітап алу тәртібі түсіндірілді.

Updated: Шілде 2, 2025 — 3:24 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған