«Қазақ ертегілері әлемінде»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қалалық мешітінің «Имани Жас» жазғы лагерінің балаларына «Қазақ ертегілері әлемінде» танымдық сағатын өткізді. Бұл шара балаларға қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру, ұлттық құндылықтарға қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара басында кітапханашы қазақ ертегілерінің шығу тарихы мазмұны мен маңыздылығы туралы ақпарат беріп, балаларды ертегілер әлеміне жетеледі. Оқушылар «Алдар Көсе», «Тазша бала», «Жеті лақ» секілді танымал ертегілерден үзінділер оқып, олардың астарындағы тәрбиелік мәнді бірге талдады. Ертегі кейіпкерлері бойынша сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Шара соңында балалар өздерінің сүйікті ертегілері туралы пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара барысында балалар қазақ ауыз әдебиетінің бай мұрасымен танысып, таным көкжиектерін кеңейтті.

Updated: Маусым 24, 2025 — 1:24 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған