«Добрые уроки грустной истории»


Жазушы Габриэль Николаевич Троепольскийдің туғанына 115 жыл толуына орай Орталық балалар кітапханасының оқу залында Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының балаларымен Г.Н.Троепольскийдің «Белый Бим Черное ухо» кітабы аясында «Добрые уроки грустной истории» атты онлайн ой-толғау сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында «Белый Бим Черное ухо» кітабын оқыған балалар арасында повестегі ізгілік, парасаттылық пен әділдік идеялары қызу талқыға түсті. Сондай-ақ жас оқырмандар Бимнің тұқымы қандай? Бим мен оның қожайыны арасындағы қарым-қатынас қандай? Иесі Иван Иваныч ауруханаға қалай түсті? және т.б. сұрақтарға жауап іздеді.

Updated: Қараша 16, 2020 — 12:27 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған