“Путешествие в страну Журналию…”
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е. Ракишева балалар бөлімінің кітап қорына тиесілі қазақ және орыс тілдеріндегі балалар басылымдарына арналған ақпарат күнін онлайн форматта өткізді.
Бейнероликте «Айгөлек», «Балалар әлемі», «Маша мен аю», «Умняшины книжки» сияқты республикалық және ресейлік балалар басылымдары, сондай-ақ «Ұлан», «3/9 царство» және т.б. балалар газеттері жайлы мол мағлұмат берілді. Жас оқырмандардың назарына ресейдің танымал жазушысы, ақын А. Усачевтің «Вобла и журнал» атты өлеңі ұсынылды.