«Кітаппен өткен жаз қызық»

№35 мектеп-гимназиясының жазғы мектеп лагерінің 1-4 сынып оқушылары Орталық қалалық кітапхананың балалар бөліміне саяхатқа келді.
ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері Т.Е.Ракишева мен Ж.Қ.Бектасова балаларды кітапхананың қорымен, кітапханаға жазылу тәртібімен, кітапхананың жалпы ережелерімен және т.б. таныстырып өтті. Кітапхана әлеміне саяхатқа келген оқушылардың назарына «Қазақтың ертегілері», «Мектеп кітапханасы», «Нұрсәуле-Лучик», «Сиқырлы кітап», «Кітаптар менің достарым», «Ертегілер планетасы» және т.б балаларға арналған әр түрлі жанрдағы басылымдар ұсынылды.
Іс-шараның ойын бөлімінде кітапханашылар балаларға жұмбақтар жасырды. Балақайлар «Сиқырлы калейдоскоп» әдеби викторина сұрақтарына жауап беріп, түрлі қозғалмалы қызықты ойындар ойнады. Іс-шара соңында кітапхана туралы мультфильмді тамашалап, саяхаттан жағымды әсер алып қайтты.

Updated: Маусым 22, 2021 — 12:09 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған