Экскурсияның мақсаты – балаларды кітапханамен, кітап қорымен таныстыру. Балалардың кітапқа, сондай–ақ кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Қатысушылардың көптігіне байланысты балалар 2 топқа бөлінді. Бірінші топ кітапханаға экскурсия жасады, ал екінші топ шағын ауданның ауласында «Секіртпемен және доппен жүгіру», «Торғай мен түлкі», «Жер, су, ауа, от», «Басқаға бер» сынды қозғалмалы ойындар ойнады. Балалар үшін түрлі конкурстар, танымдық және зияткерлік ойындар, әдеби викториналар өткізілді. Балалар кітапхана әлемімен танысқаннан кейін балалар үстел ойындарын зор қызығушылықпен ойнады. Сонымен қатар балдырғандар «Қораз және түлкі» мультфильмін тамашалады. Сондай-ақ қазақ мектептерінің балалары «Айгөлек», «Ұшты-ұшты», «Қаппен секіру», «Ат жарыс» сынды ойындар ойнады.
Экскурсияның бағдарламасы өте қызықты болды, балалар үйлеріне көтеріңкі көңілмен және үйде оқуға кітап жаздырып алып қайтты.